«Аmanat» партиясының атқарушы хатшысы тағайындалды

0
63

«Amanat» партиясының атқарушы хатшысы қызметіне Дәулет Кәрібек тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна”.

Бүгін “Аманат” партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың қаулысымен Дәулет Жамаубайұлы Кәрібек партияның атқарушы хатшысы болып тағайындалды.

Партияның жаңа хатшысы 1990 жылы 12 қыркүйекте Жамбыл облысында дүниеге келген.

2009 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының «Jas Otan» жастар қанатында түрлі қызметтерді атқарған. Ең алғашқы қызметтік жолын 2009 жылы «Жас Отан» МК төрағасының бірінші орынбасарынан бастаған.

2019 жылы «Jas Otan» жастар қанатын басқарып, ҚР Президенттігіне кандидат Қ. Тоқаевтың республикалық штабының Team Qazaqstan жастар қанатына да жетекші болды.

«Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2021-2022 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болды.

Ағымдағы жылдың 14 наурызынан бері «Amanat» партиясының хатшысы болды.


ПІКІР ЖАЗУ