«30 жылда қаусап қалған». Саясат Нұрбек ғылым саласындағы өзгерістер туралы айтты

0
14

«Өкінішке орай, жағдай қиын, проблемалар жиналып қалған. Соңғы 30 жылда әсіресе ғылым саласында жиналып қалған проблемалар өте көп. Бірақ министрліктің нақты сол проблемаларды шешуге уақыты да, зейіні де, кадры бар. Ең бастысы Президенттің қолдауы, әсіресе қаржы тұрғысынан бар. Бір ғана фактпен бастайын. Қазақстанда Отандық ғылым соңғы 30 жылда қаусап, қаржыландырудан тыс қалған. Сондықтан Президенттің қолдауымен келесі 3 жылдағы ғылыми зерттеулерге, жобаларға, ізденістерге 643 млрд теңге бөлінді. Бұл 30 жылдың ішінде болмаған жағдай! Біз ЖІӨ 100-ден 25%-ға жетіп отырмыз. Әлемдік, халықаралық тәжірибеде ғылымыңызды сақтап қалғыңыз келсе 1%-ға жеткізу керек. Біз екі жыл көлемінде осы жетістікке жеттік. Әлі де бұл статистиканы арттыруға үміт бар», — деді министр.

Министр бағдарлама барысында қазақстандық ғалымдардың жетістіктерімен де бөлісті.

«Онкологиялық препаратымыз болады, Қазақстанда жасалған. Алматыдағы онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтындағы 15 адамның еңбегі бар. Мұның да өзіндік сатысы бар. 1-2 жылдың ішінде өзімізде, Қазақстанда жасалған препаратымыз болады,» — деді Саясат Нұрбек.

Министрдің мәліметінше, биылғы жыл қазақстандық оқу орындарына қолайлы жыл болған. Себебі әлемдік QS рейтингіне Қазақстандық 21 ЖОО кірген. Ал Times higher education рейтингінде 29 ЖОО бар екен.

«Басты мақсатымыз саннан сапаға қарай көшу. Біздің жоғары оқу орындарындағы ұстаздар, профессорларымыздың жалақысы да өседі», — дейді министр.


ПІКІР ЖАЗУ