Менің таңдауым- Тұран Университеті

0
6

Оқу десе қандығымнан таятын қарапайым Тұран Университетінің студенттерінің бірімін. Амалым жоқ, қазақ бабам айтқандай «үш күн өткен соң көрге де көндігеді» екенсің… Студент болуға әбден етім үйреніп алды. Сескеніп жүрген жаңа ұстаздарға да ет бауырым езіле үйреніп кеттім. Тіпті «енесі тепкен құлынның еті аурмайтындай» халге жақындап қалған сыңайлымын.Кез келген журналист ретінде мен де теңіздей ақпарат көзі тасыған жерлерге ынтықпын. – Не айтқым келіп отырғанымды түсінген де боларсыздар… әрине ол Тұран Университетінің кітапханасы… Кітапханаға ең алғаш кіргенімде «ит басына іркіт төгіліп, ақ түйенің қарны жарылған» байлық көзін тапқандай күйде болғаным әлі есімде. Психологтар эмоцияналды оқиғалар адам санасында ұзақ сақталады деуші еді. Сөрелерде қаз-қатар тізілген кітаптардың аттары әлі есімде, бұл ұмытуға тұрарлық көз кадрлары еместі… «Құмарлық – ой әкесі»(«Генрих IV, II бөлім» Генрих патша), – деп Шекспир айтқандай құмарлығым сансыз кітаптарға жетелеуін қояр емес.Бір қынжылтатыны университетімізде байқала бастаған студенттік деградация… Бұл дегеніміз жыл сайын жаңа оқу жылында университет табалдырығына аттайтын студент қауымының азаюы. Оқу қымбат, көп отбасының балаларын оқытуға қауқарлары жете бермейтіні анық. Түссе де бойларын оқуға талпыныс емес, грантқа деген «жанталас» жегідей жейтіндей… Дегенмен, бұған ҚР саясаты әсер етті деп қана кірпідей жиырылудан басқа не шара.

Тұран Университеті – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен.Сол себепті де, мен өзімнің Тұран Университетімде жүргендігімді өмірімдегі ең үлкен сәтті таңдауым деп санаймын.

Әбдірасіл Жалаладдин


ПІКІР ЖАЗУ