Тоқаев Әлиевті президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

0
16

 

Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының президенті лауазымына кезектен тыс өткен сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев Ильхам Әлиевтің әзербайжан халқының игілігі мен дамуы үшін қолға алған барлық жоспарының табысты орындалуына тілектестік білдірді.
Өз кезегінде Әзербайжан президенті құттықтағаны үшін Тоқаевқа алғыс айтып, бауырлас Қазақстанмен арадағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдете беруге ниетті екенін растады.
Еске сала кетейік, 7 ақпанда Әзербайжанда президент сайлауы өтті. Сайлауда Ильхам Әлиев айқын басымдықпен жеңіске жетті.


ПІКІР ЖАЗУ