*Астанада ересектер арасында қызылша ауруы өршіп кетті*

0
9

 

Астананың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қызылша ауруына қатысты соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері елордада қызылшаның 1890 бастапқы және 532 расталған жағдайы тіркелді, соның ішінде 14 жасқа дейінгі 381 бала бар. Ал 2 жасқа дейінгі балалар арасында қызылшаға шалдығу көрсеткіші төмендеп келеді. Атап айтқанда, 1 жасқа дейінгі балалар арасында 15 процентке (692,7-ден 589,4-ке), бір жастағы балалар арасында 8,5 процентке (880,2-ден 805,3-ке), ал 2 жастағы балалар арасында 21,3 процентке (701,6-дан 551,9-ға) азайды.
«Көрсетілген жастағы сырқаттардың азаюы – бұл қосымша жаппай иммундаудың нәтижесі. Алайда ересектер арасында сырқаттану көрсеткіші өсті, науқастар 25,2-ден 40,2-ге дейін немесе 37,3%-ға артты», — деді Бейсенова бүгінгі брифингте.
Оның айтуынша, қалада инфекцияны көбінесе қызылшаға қарсы екпе алмаған адамдар таратады. Бүгінде ауырып қалғандардың 68 проценті осы санатқа жатады.


ПІКІР ЖАЗУ