383 млн теңге ұрлады деген күдікпен спорт дирекциясы басшысының орынбасары қамауға алынды

0
10

 

Туризм және спорт министрлігі жанындағы спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аса ірі мөлшерде ақша ұрлау фактісі бойынша басталды.
«2022 жылы Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысуы үшін Қытайда жасалған сапасы өте төмен спорттық аяқ киім мен рюкзактар сатып алынған. Бұл ретте оның құны үш есе көтермеленген», — делінген агенттік хабарламасында.
Сонымен қатар жеткізуші аталған тауардың отандық өнім екені жайлы жалған құжаттар ұсынған. Салдарынан мемлекетке 383 млн теңге шығын келген.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының өкілдері бұған дейін берілген жабдықтардың сапасына шағымданып, оны бір реттік деп атаған болатын.
Сот санкциясымен дирекция басшысының орынбасары қамауға алынды.


ПІКІР ЖАЗУ