Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасарын тағайындады

0
22

 

«Мемлекет басшысының өкімімен Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Жанат Элиманов 1978 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды қаласы прокуратурасының сот қаулылары және атқарушылық іс жүргізуді орындаудағы заңдылықты қадағалау бөлімі прокурорының м. а. қызметінен бастаған.

2019 жылдан бастап ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары, Қаржы мониторингі комитеті төрағасы болып қызмет атқарды.


ПІКІР ЖАЗУ