Қазақстан сыртқы нарықтан несие алмайды

0
14

 

ҚР Қаржы министрі Мәди Тақиев еліміздің сыртқы нарықтан қарыз алу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді
— Әзірге ондай қажеттілік жоқ. Шығындарымыз қолдағы табыс есебінен жабылады», — деді Мәди Тәкиев үкімет отырысында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Бұған дейін Қаржы министрлігінің басшысы бюджет кірісін арттыру жоспарларымен бөліскен болатын.

— Биыл Мемлекеттік кірістер комитетіне валюталық бақылаудың жаңа функциясы берілді. Сондай-ақ, трансферттік баға белгілеу туралы жаңартылған заң аясында жаңа функцияға сәйкес ірі салық төлеушілерді әкімшілендіруді күшейтеміз. Екіншіден, біз де цифрландыру арқылы салық базасын кеңейтеміз. Ең маңызды басымдық салық тәртібін арттыру болып қала береді», — деді Тәкиев.

Сізді қызықтыруы мүмкін: «Алтынға жаһандық сұраныс 2023 жылы рекордтық деңгейге жетеді»


ПІКІР ЖАЗУ