Алматыда Желтоқсан қатысушыларының ЛГБТ-ға қарсы акциясы өтті

0
30


Қоғамда ЛГБТ өкілдеріне деген өшпенділік қалыптасқандай. Алматыда «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінің жанында Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында «Желтоқсан 86» қоғамдық бірлестігінің қатысушылары жиналып, ЛГБТ-ға қарсы акция өткізді.

Акцияның мақсаты – Ұлттық құндылықтардың тоз-тозын шығаратын ЛГБТ-ға қарсылық білдіру еді.

Акция барысында желтоқсанның бірнеше ондаған қатысушылары рәсім өткізіп, адыраспан жағып, дұға оқыды.


Акцияға қатысушылардың бірі Гүлбахрам Жүніс «Желтоқсан 86» қоғамдық бірлестігінің атынан: «біз мемлекеттен ЛГБТ-ның мүдделері, болашағы мен гүлденген халқымыздың тағдыры үшін қауіпті санасыз және қауіпті іс-әрекеттеріне тыйым салу және жазалау үшін арнайы заң талап етеміз» деген талаптарды оқыды.

Желтоқсаншылар бұл талапты Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа, премьер-Министр Бектеновке, депутаттар мен халыққа жолдады.
ЛГБТ-ға қарсы акцияның бейнежазбасы төмендегі сілтемеде: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=396021356343858&id=100037666303067&mibextid=w8EBqM


ПІКІР ЖАЗУ