ЕЛДЕ ПАПИЛЛОМА ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ

0
13

Осы күзде елде папиллома вирусына қарсы екпе егу науқаны басталады. Бұл шара иммундау жөніндегі ұлттық жоспарға да енгізіледі деп күтілуде. Екпе қыздарға тек ата-аналарының рұқсатымен ғана егіледі. Иммундау шарасына Денсаулық сақтау министрлігі америкалық 4 валентті «Гардасил» вакцинасын сатып алуды жоспарлап отыр. «Жалпы Қазақстанда жыл сайын жатыр мойыны обыры салдарынан 600 әйел көз жұмады. Қатерлі ісіктің пайда болуына осы адам папиллома вирусы басты себепкер», — дейді дәрігерлер. Зайтуна Хамидуллина, қалалық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинекологы: — Вакцина бізге жатыр мойыны обырының алдын алуға көмектеседі. Егер қыздар адам папиллома вирусына шалдықса, ол ешбір әдіспен емделмейді. Сондықтан осы екпе арқылы оның алдын алған маңызды. Иммундау кезінде 9 бен 14 жас аралығындағы қыздарды вакцинациялау жоспарланған. Ол тегін болады.


ПІКІР ЖАЗУ