Қ.ТОҚАЕВ ІРІ ДЕРБЕС ҚОРДЫҢ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

0
18

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Qatar Investment Authority компаниясының бас атқарушы директоры Мансур Ибрагим Әл-Махмудты қабылдады. Әлемдегі ірі дербес қордың басшысымен кездесу барысында ортақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және қаржы саласындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы бұл компания мен «Самұрық-Қазына» қоры арасындағы өзара байланыс екі елдің экономикалық серіктестігінің қозғаушы күші бола алатынын атап өтті. Бұдан бөлек, кездесуде «Астана» халықаралық қаржы орталығында қазақ-қатар тікелей инвестициялар қорын құру жайлы айтылды. Президент қатарлық компания басшылығын Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.


ПІКІР ЖАЗУ