АСТАНАДА ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

0
19

Онда ғалымдар экономика, мемлекеттік басқару жүйесі және еңбек нарығындағы мәселелерді саралап, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Мамандар орталық халық пен мемлекеттік органдарды біріктіретін ортақ алаңға айналады деп отыр. Бұл жерде сарапшылармен бірге кез келген мәселені талдап, оның ары қарай шешілу жолдарын қарастыруға болады. Жаңа зерттеу орталығы 17 бағыт бойынша жұмыс істейді. Негізгі басымдық экономика мен еңбек нарығына берілмек. Осы бағыттағы түйткілді мәселелердің түйіні тарқатылып, құзырлы органдарға жеткізіледі. Олай деуге негіз бар. Өйткені орталық жанынан Парламент Сенатының арнайы кеңсесі құрылған. Әлтайыр Ахметов, ғылыми-зерттеу орталығының басшысы: — Бізде жай ғана әңгімелесу мен талқылаулар емес, түрлі стейкхолдар мен бизнестен ұсыныстар жинап, оны ғылыми жағынан зерттеп, соның нәтижесінде Сенат Парламент өкілдеріне тапсыру. Осындай нәтижелердің арқасында біздер заңнаманы өзгертуге де дайын болып отырмыз. Сенатпен біріккен отырыстар басталып жатыр. Мысалға, ертең спикердің орынбасарының деңгейінде және мемлекеттік органдардың деңгейінде еңбек мәселелері қарастырылатын болады. Ал осындай ғылыми жұмыстарға шетелдік ғалымдарды тарту өте өзекті. Себебі қазір орталықтағы ғылыми топ тек білім ошағының оқытушыларынан жасақталған. Сондықтан сарапшылар белгілі бір нәтижеге жету үшін ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуге кеңес береді. Айгүл Көшербаева, экономика ғылымдарының докторы: — Тиімді нәтижеге жету үшін ынтымақтастық негізде жұмыс істеу керек.  Өздерінің эксперттерін жинап отырғандығы, бір жағынан. Бірақ бізге керектігі жан-жағынан үлес болса, үлкен, тиімді нәтижеге жетеді деген сенімдемін. Өйткені аналитика, әсіресе практикалық аналитика өз орнын табу керек. Бүгінге дейін білім ордасы Францияның 8 талдау орталығымен тығыз байланыс орнатқан. Ал жаңа зерттеу алаңы осы жұмысты жетілдіре түсуге жол ашады. Бұдан бөлек, еліміздегі 100-ге жуық компаниямен әріптестік орнату көзделген


ПІКІР ЖАЗУ