Қазақстанға Катар не үшін керек?

0
12

 

(Саясаттанушы Марат ШИБУТОВТЫҢ пікірі)Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы бес жылда сегізінші рет Катар Әмірімен кездесті.
Қазақстанның бұрын ресми байланысы болмаған елмен қарым-қатынасының осылайша күрт тереңдей түсуін көпшілік түсінбеді. Шын мәнінде, Парсы шығанағы елдері жаһандық экономикада уақыт өткен сайын маңызды рөл атқаруда.

Сауд Арабиясы, БАӘ, Кувейт және Оманмен қатар Катар Қазақстанның тек сауда саласында ғана серіктес болатын емес, сонымен қатар экономикамызға қыруар қаржы құя алатын елдерге жатады. Жаһандық санкциялық қарама-қайшылықтың аясында араб елдері қазір күшейіп келеді және біз мұны пайдалануымыз керек.

Президент Тоқаевтың Дохаға жасаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне сенімдіміз. Мәселен, Қазақстан мен Катар басшылары өзара тауар айналымы көлемін 500 миллион долларға дейін ұлғайтуға келісті. Десе де анық сандар екі ел нарығының әлеуетін толық ашпайды. Өйткені Катарда ең аз дегенде қажетті сауда заттары жеткілікті деуге келмейді, бірақ бізде экспорттық мүмкіндіктер бар.

18 миллиард долларды құрайтын инвестициялық жобалар бойынша коммерциялық келісімдерге қол жеткізілді. Оған жарқын мысал: Qatar Power International холдингімен серіктестікте Қашағанда газ өңдеу зауыттарының құрылысы. Және «Бейнеу – Бозой – Шымкент» учаскелерінде және Ақтөбе мен Қостанай арасында жаңа газ құбырларын тарту жобалары жоспарланған.

Катарлық Nebras Power компаниясы Ертісте қуаты 350 МВт-қа дейін жететін су электр стансасын салу жобасына қызығушылық танытып отыр. Бұл жобалардың барлығы жүзеге асса, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін айтарлықтай нығайтады.

Жалпы, бірлесіп жұмыс істеуге әлеуеті жеткілікті салалардың ішінде мұнай-газ, көлік және транзит, телекоммуникация, медицина мен ауыл шаруашылығы, сондай-ақ сирек кездесетін металдарды өндіру мен өңдеуді, жасыл энергетиканы дамытуды атап өтуге болады.

Жаңа жобаларға да орын бар. Ал Қазақстан экономикада қосымша пада әкелетін жобаларға басымдық беріп отыр. Яғни біз ресурстарды өндіру туралы емес, қайта өңдеу және өңделген өнімді өндіру туралы айтып отырмыз. Біз өз тарапымыздан Катар елінен келген инвесторларға преференциялар беруге, жобаларды бірлесіп қаржыландыруға және Қазақстанда жұмыс істейтін кәсіпорындардың экспортына қолдау көрсетуге дайынбыз.

Саудаға ойыссақ, Қазақстан өзара тауар айналымы бойынша көшбасшы бола алады. Катар мұнай мен газға қызығушылық танытпауда. Бірақ халал азық-түлік өнімдеріне сұраныстары жоғары. Еліміз қазірдің өзінде әлемнің 80 еліне азық-түлік өнімдерін жеткізеді, енді Катар нарығында оның қатысуын кеңейтуге болады. Басқаша айтқанда, Катар Қазақстан үшін мықты сауда және инвестициялық серіктес бола алады. Бұл біздің экономикамыз үшін өсіп-өркендеудің таптырмас жолы.


ПІКІР ЖАЗУ