Роман Скляр: Туризм бизнестің тиімді түрлерінің біріне айналуы керек

0
19

 

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары әкімдіктерге туристік нысандарды дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырды.
Туризм және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде сөйлеген сөзінде Роман Скляр мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілгенін еске салды. Ол негізгі мақсатты индикаторларды және күтілетін нәтижелерді қамтиды. Іс-шаралар кешенін іске асыру 2029 жылға қарай саладағы жұмыспен қамтуды 800 мың адамға дейін арттыруға және жалпы қосылған құн көлемін 6 триллион теңгеден астамға арттыруға мүмкіндік береді.

«Туризм барлық мүдделі тараптарға – мемлекетке, бизнеске және жұмысшыларға мультипликативті әсер ететін бизнестің тиімді түрлерінің біріне айналуы тиіс. Мен келесі бағыттарға назар аударғым келеді: инфрақұрылымды дамыту, заңнамалық өзгерістер енгізу, Қытайда Қазақстанның туризм жылын өткізу жұмыстарын жеделдету және жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету», — деді Роман Скляр.

Ол ішкі туризмге қолайлы жағдай жасауда қазақстандық туристік нарықтың айтарлықтай әлеуетін ерекше атап өтті. Оның пікірінше, өңірлердегі жұмыс жеткіліксіз қарқынмен жүргізілуде және басты мәселе – әкімдіктердің мүддесіздігі мен тиісті қаржыландырудың жоқтығы.

«Облыс әкімдіктеріне туристік нысандарды дамытудың жол карталарын, сондай-ақ жауапты басшылар мен іске асыру мерзімдерін әзірлеуді тапсырамын. Осы жұмысты өз бақылауыңызға алып, тиісті қаржы бөліп, санитарлық-гигиеналық қондырғылардан бастап, осы нысандарды тиісті қалыпқа келтіруіңізді сұраймын», — деді Роман Скляр.


ПІКІР ЖАЗУ