ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛЕР ТАЛАП ҚОЮДА

0
15

 

Алматы қаласы мен Алматы облысының шағын кәсіпкерлері бөлшек сауда салығын 4 пайыздан екі пайызға түсіруді сұрап, Алматы қаласы әкімшілігінің алдына келген. Олардың дені көпқабатты үйлердің астындағы дүкен иелері немесе дүкенді жалға алушылар.

«4 пайыз дегенің біз үшін өте ауыр. Қымбатшылық қос өкпеден қысқан заманда бізге де оңай емес. Жылына 18 млн теңге салық маған тым ауыр. Жалға алған дүкенім жабылу алдында тұр», – дейді Қ.Оралбек.

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының жетекшісі Берік Сұлтанбаев БАҚ-қа берген түсініктемесінде былай дейді:

«Алматы шағын және орта бизнес өңірі. 330 мың ШОБ нысаны тіркелген. Оның 250 мыңы бөлшек сауда салығын төлейтіндер. Егер біз салықты төмендетсек, бюджет белгілі бір түсімді жоғалтады, сондықтан біз нақты тәуекелді байқап отырмыз».

Әйтсе де, апта басында қалалық әкімшілікте кәсіпкерлер мен билік өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары үстел басында кездесетін секілді.


ПІКІР ЖАЗУ