«Тәулігіне 12 сағат жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлер өтемақы алуы тиіс» — Тоқаев

0
22

 

Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру үшін жеке сектормен бәсекеге қабілетті жалақы белгілеу қажет.

«Менің ойымша, жұмыста жүрген мемлекеттік қызметкерлер, әсіресе 8.00-9.00-ден 20.00-21.00-ге дейін жұмыс істейтіндер белгілі бір материалдық өтемақы алуы керек. Бірақ жалақы мен сыйлықақылары асып кетпеуі керек. Мәселе өзекті. Тұрғын үй мәселесі де тиісті түрде шешілуі керек. Осыған байланысты Сингапур мен басқа елдердің тәжірибесіне назар аударған жөн. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі тиімді тәсілдер мен әдістерді қарастыру қажет»,- деді Тоқаев.


ПІКІР ЖАЗУ