Атырау мұнай өңдеу зауытында өзгерістер орын ала ма?

0
19

Соңғы уақытта Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты төңірегінде дау-дамайлар жиілеп кетті. Толассыз туындап жатқан жанжалдардың басты себебін бірі басшылардан десе, енді бірі зауыт мафияларының әрекетінен екенін тілге тиек етуде.
Әлеуметтік желіге үңілсек, зауыт қызметкерлерінің шағымдары көрсетілген ақпараттар таралуда. Әрине, әлеуметтік желінің әуселесі қоғамды айдап салуға жетіп-ақ тұр.

Десе де мұнай өңдеу зауытының небәрі 1 ай ғана бас директоры болған Ғалымжан Жусанбаев мемлекет басшысына осы мәселе туралы хат жолдаған еді.

Хатта: «Олар еншілес компаниялардан 150 миллиард теңгеге көтерілген бағамен тауар сатып алып, кокс пен күкіртті сақтауда нормаларды бұзып, өндірістегі ысырапты бақыламаған.

Жемқорлықтың қалыптасқан жүйесінен бейхабар жаңа басшы белсенді түрде реформалар жүргізіп, зауыттың қаржылық жұмысын тексеруге кірісті. Бәлкім, бұл ұрлық схемаларының әшкереленуіне, кейіннен зауыт қызметкерлерінің наразылығын тудырған да шығар. Бұл заң бұзушылықтарға кінәлі шенеуніктердің және негізсіз артық пайда алуға мүдделі коммерциялық құрылымдардың наразылығын тудырды», — деді Жусанбаев.

Хат мазмұнына және жергілікті тұрғындардың шағымына сүйенсек, зауытта зауыттың жаңа басшылығы мен «зауыт мафиясы» арасында текетірес болған.
Желі қолданушыларының пікірінше, Ал Жусанбаев ол келгенге дейін үлестес тұлғалармен ірі мәмілелер жасалғанын біліп қойған.

Әрине, мұнай зауыты төңірегіндегі қиыршығы мол шиыршыққа қарап, көкейімізде бір ғана сұрақ туады. Атырау мұнай өңдеу зауытында өзгерістер орын ала ма?

«Politico.kz» сілтейді


ПІКІР ЖАЗУ