ЖАҢА КАДРЛЫҚ САЯСАТ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ?

0
15

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: — Әрине жалақы мен сыйақыны шектен тыс көп беруге болмайды. Бірақ таңертеңнен кешке дейін, уақытпен санаспай жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлерге белгілі бір деңгейде материалдық өтемақы төленуі керек деп санаймын.Мәселе – өте өзекті. Біз мұны мемлекеттік қызметшілердің пайдасына шешеміз. Олардың баспана мәселесін де тиісті деңгейде шешу керек. Бұл бойынша Сингапур және басқа да елдердің тәжірибесіне назар аударған жөн. Олардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыру қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: — Жылдар бойы жауыр болған бюрократияға, қағазбастылыққа үзілді-кесілді тосқауыл қоятын уақыт жетті. Мемлекеттік қызмет жүйесінде барлық үдеріс ашық болуға тиіс. «Мемлекет адам үшін» қызмет етуі керек. Елімізде азаматтардың мүддесін толық қорғайтын мемлекеттік қызмет моделін, үлгісін қалыптастыру қажет. Сондықтан уақыт талабына сай келетін және қоғам сұранысына жауап беретін жаңа жұмыс тәсілдерін енгізген жөн. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын шынайы бағалайтын нақты өлшемдер болуға тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: — Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы шамамен 40 жас. Соған қарамастан мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін жастардың саны азайып бара жатыр. Бұл жағдайды түзеу керек. Яғни мәселені шешу үшін кешенді шаралар қажет. Мемлекеттік қызметтегі әйелдерді, жастарды және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды көбейту керек. Олардың әсіресе басшылық құрамда қызмет етуіне барынша мүмкіндік берген жөн. Осы бағытта нақты шаралар қолдану қажет. Спикерлер: Олжас Бейсенбаев, Қазақстан қоғамдық даму институты басқарма төрағасының орынбасары Айбек Шілманов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент директоры Жанерке Қайратқызы, саясаттанушы Нұрсұлтан Бекінов, Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Сингапур тәжірибесі — меритократия (дарынды, білімді мамандар); — биліктегі мөлдірлік, жемқорлыққа қарсы саясат; — шенеуніктердің қоғам мұқтаждықтарын қанағаттандыруға тырысуы; — мемлекеттік саясат жүйесіндегі адалдық, ашықтық; — прагматизм (табысты жобаларды енгізу); — мемлекеттік қызмет бейтарап, саясатқа араласпайды; — реформалау қабілеті; — жаңа кадрларды дайындау;


ПІКІР ЖАЗУ