Сауда министрі мобильді 100 аударым туралы: Мына шектеуді дұрыстап қарау керек

0
14

 

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мобильді аударымдарды қайта қарау мәселесіне пікір білдірді.

Министрліктің алқа мәжілісінен кейін өткен брифингіде Арман Шаққалиевке мобильді аударымдар туралы сұрақ қойылды.

«Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін мобильді аударым мәселесі қайта қаралатын болды. Тұтынушылардың құқығын қорғайтын орган басшысы ретінде қандай ұсыныс бересіз. Бақылауға алынатын аударым саны 100-ден көп болу керек пе?» — деп сұрады журналист.

Ведомство басшысы бұл реттеу шарасы саудагерлердің жұмысына кедергі келтірмейтіндей етіп ұйымдастырылу керек екенін айтты.

«Біздің ұстанымымыз – бір кедергілер жасап, біздің сатушыларға қиыншылық жасау емес. Біз айтып отырмыз, мына шектеуді дұрыстап қарастыру керек. Егер мына сауда тоқтайтын болса, сауда саласында жұмыс істеп жүрген адамдарға ауыртпалық болса, онда біз қолдамаймыз. Бірақ оны есептеу керек. Қаржы министрлігінде қазір қанша болу керек дегенге талдау жасап жатыр. Мысалы, 200-ден астам аударымды бақылау керек пе, 300-ден астам аударым болу керек пе, нақты дәлелдері керек. Нақты осынша аударым болу керек деп айта алмаймын. Неге десеңіз, бізге бұл мәселе бойынша ұсыныс түскен жоқ», — деді Арман Шаққалиев.


ПІКІР ЖАЗУ