Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов үлескерлер мәселесін көтерді

0
15

 

«20 жыл өтсе де, алданған үлескерлердің мәселесі толық шешімін таппай келе жатыр. Оған көптеген сайлаушылардың арыз-өтініштері себеп болып отыр. Мыңдаған қазақстандықтар жауапсыз құрылыс салушыларға сенім артып, тұрғын үйсіз қалды. Оның ішінде зейнеткер де, тұрмысы нашар және көпбалалы отбасылар, жалғызбасты ана мен мүгедек жандар да бар. Бүгінде қолындағы бар қаражатын үйге салып, өздері пәтер жалдап жүрген халық көп. Қолдағы мәліметке сүйенсек, соңғы екі жылда үлестік құрылыс саласындағы қылмыстық істер бойынша 16 адам сотталып, 300-ден астам компания әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жуырдағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы үлескерлік құрылыс проблемасына тағы тоқталып өткен болатын. Дегенмен нақты жұмыс әзірге байқалмайды», – деді ол.

 


ПІКІР ЖАЗУ