Қытай жабдықтары арқылы қазақстандықтардың деректері қалай тарап кетті – БЖЗҚ түсініктемесі

0
13

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі қазақстандықтардың дербес деректерінің қор базасынан тарап кетуіне байланысты мәлімдеме жариялады.

Қор Қазақстан азаматтары деректерінің таралуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды деп мәлімдейді.

– БЖЗҚ қауіпсіздік қызметтері GitHub сайтында жарияланған деректерге егжей-тегжейлі талдау жүргізді. Соның нәтижесінде жарияланған каталогта сайттың enpf.kz деген сипаттамасы ғана көрсетілгені анықталды. Сайт ақпараттың ашық көзі әрі салымшылар мен алушылардың дербес деректерін қамтымайды, — делінген хабарламада.

БЖЗҚ «ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қор киберқауіптерге қарсы тұру үшін эшелондалған жүйені белсенді қолданады» деп сендірді.

 


ПІКІР ЖАЗУ