Тимур Жақсылықов Дүниежүзілік банк мәлімдемесіне жауап берді

0
11

«Жоғалған онжылдық деген сынды мұндай тебіреністі мәлімдемелерге қатысты баға бере алмаймын. Бұл өте шектен тыс бағалау деп санаймын. Өздеріңіз де білесіздер, аталған онжылдық бойы экономикалық өсім, барынша қарқынды экономикалық өсім болып, пандемияға байланысты бір рет қана үзіліп қалды. Өткен жылы 5,1 пайыздық экономикалық өсім қарқынына қол жеткіздік. Бұл – экономикалық өсімнің өте жоғары қарқыны», — деді Тимур Жақсылықов Сенатта ұйымдастырылған брифингіде.

Ол биыл шамамен 6 пайыздық өсімге қол жеткізу мақсаты тұрғанын баса айтты.

«Шынымен де, Дүниежүзілік банк бағалауы біздегі негізгі қорларға инвестицияның құлдырауына қатысты әділ болды. Экономикалық дамуға жеткіліксіз инвестиция салып отырмыз. Жалпы инвестиция – бұл тұрақты экономикалық өсім үшін жалғыз база. Бізді жеткіліксіз инвестицияладық. Бүгінде ЖӨІ негізгі капиталындағы инвестиия шамамен 15 пайыз», — деді вице-министр.

Тимур Жақсылықов мұндай көлемнің жеткіліксіз екенін атап өтті.

«Сондықтан да жұмыс істеу қажет және Үкімет мұндай жұмысты істеп те жатыр. Қазіргі уақытта инвестиция өсімін қандай да бір тұрақты әрі барынша жоғарғы деңгейге жеткізу үшін іс-қимыл жоспары әзірленіп жатыр», — ол.


ПІКІР ЖАЗУ