Мемлекет басшысы Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады

0
15

 

Эльвира Азимованың баяндамасынан:

былтыр Конституциялық Сотқа бес мыңнан астам өтініш, оның 99 пайызы азаматтардан келіп түскен:

    – азаматтар өз өтініштерінде сот актілеріне, лауазымды тұлғалар мен судьялардың іс-әрекеттерінің заңдылығына, қылмыстық жазаның түрлері мен шарттарына, қылмыстық қудалау кезінде адам құқықтарының сақталуына, еңбек және әкімшілік-құқықтық қатынастарда құқықтың қорғалуына қатысты мәселелерді көтерген.

конституциялық іс жүргізу аясында азаматтарға кепілді заң көмегін беру шарттары, сондай-ақ құқықтық мониторинг пен заң шығару қызметі шеңберінде Конституциялық Сот қабылдаған шешімдерді және сот практикасының шолуын ескеру туралы ұсыныстар қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр;

былтыр 558 құқық нормасы тексеріліп, нәтижесінде 29 нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізу жөнінде кеңес берілген:

    – Қылмыстық-процессуалдық, Салық кодекстерінің және бірқатар заңның жекелеген нормаларын қайта қарау жөнінде ұсыныстарын берген;

    – бүгінде Үкімет пен уәкілетті органдар аталған ұсынымдардың 16 пайыздан астамын орындаған.

Президент Конституциялық Соттың 2023 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысын бағалай отырып, аталған органның құрылуы және оның қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандығын қорғауға қатысты қоғам мен мемлекеттің сұранысына сай келетінін айтты.

 


ПІКІР ЖАЗУ