ЕЛІМІЗДІҢ 2029 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ҰЛТТЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНДІ

0
20

 

Маңызды құжатта Қазақстанның таяу жылдардағы экономикалық-әлеуметтік басым бағыттары анықталған. Ұлттық жоспар ел экономикасын екі есеге арттырып, халықтың әл-ауқатын айтарлықтай арттыруды көздейді. Елдің 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленді. Бұны еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қабылданған маңызды Стратегиялық құжаттардың заңды жалғасы деуге болады. Ұлттық даму жоспары 17 нақты бағытты қамтып, елдің жаңа экономикалық модельге көшуін жүзеге асырады. Жандос Шаймарданов, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы: — Құжаттың маңызды мақсаты – ел экономикасын екі есе арттыру, оның ішінде 17 бағдар бар. Бизнес сарапшылар қоғамдастығы қазір осы құжаттың дайындалуына белсенді ат салысып жатыр. Құжаттың тұжырымдамасын бірнеше алаңда алдын-ала талқыладық. Ұлттық Даму Жоспарын іске асыру 2029 жылға қарай келесідей нәтижелерді беруі керек. Экономиканың жылдық өсу қарқынын 6-7% көлемінде сақтай отырып, жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің көлемі 2 есеге дейін өсуі тиіс. Сондай-ақ, ел азаматтарының әл-ауқаты айтарлықтай артып, орташа жалақы жоғарылауы керек. Жаспардың ең басты мақсаты – еліміздің ЖІӨ-ін 2029 жылға қарай 450 млрд АҚШ долларына жеткізу. Гүлнәр Бижанова «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары: — Қазақстан экономикасы дамуы үшін бұл құжаттың маңызы зор. Өйткені, бұл негіздің негізі болып табылатын ұлттық жоба. Оның аясында кейін стратегиялық құжаттар қабылданады. Кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қалай қорғаймыз, қалай көтереміз. Конструктивті ұсыныстарды палаталардан, эксперттерден жинақтап, осы агенттікке ұсындық.


ПІКІР ЖАЗУ