ҚАТАР ГАЗ ӨНДІРІСІН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

0
12

Қатар үкіметі жаһанда мұнай өнімдері бағасының күрт төмендеуіне қарамастан табиғи газ өндіруді жалғастырады. Бұл туралы QatarEnergy басшысы Саад әл-Кааби мәлімдеді. Оның айтуынша, қолданыстағы жоспарға жылына тағы 16 миллион тонна қосып, өнімнің жалпы қуатын 142 миллион тоннаға жеткізуді көздейді. «Азияда газ нарығы өсті, сонымен қатар Еуропа аймағына да көбірек көгілдір отын қажет. Сол себепті жаһандық инфляцияға қарамастан, сұранысқа сай өндірісті ұлғайтамыз», – дейді. Саад әл-Кааби, QatarEnergy басшысы: — Біз әрқашан газды энергетикалық ауысу шешімінің бір бөлігі деп білеміз.  Көгілдір отынның кем дегенде 50 жылға жуық келешегі бар. Біздің техникалық тұрғыдан өндірісті арттыруға мүмкіндігіміз жетеді.


ПІКІР ЖАЗУ