ПРЕЗИДЕНТ ШЫҒЫСТАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫНА БАҒА БЕРДІ

0
13

Мемлекет басшысы бүгін Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Өскемен өндірісі қайнаған аймақ. Экономиканың барлық саласында ілгерілеушілік байқалады. Мәдени-спорт бағытында да атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Ендігі міндет жетістіктерді еселеу. Сапар аясында Президент өңірдегі бірқатар өнеркәсіп және әлеуметтік нысанды аралап көрді. Олардың қатарында теңдессіз титан-магний комбинаты мен ТМД-ғы алдыңғы қатарлы онкологиялық орталық та бар. Берік Дүйсенбай, тілші: — Қала аспанын торлаған қою қара түтін шаһардың тұрмыс-тіршілігінен хабар беріп тұрғандай. Өңірдегі металлургиялық өнеркәсіп ошақтарының дені осында. Тиісінше тұрғындар үшін үлкен проблема бар. Экология. Мемлекет басшысы әуежайдан кейін аттың басын бірден көпбейінді онкология және хирургия орталығына бұрды. Аймақта онкологиялық аурулар деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен жоғары. Қазір іргесі 1947 жылы қаланған онколгиялық орталықтың жұмысына ерекше мән беріледі. Мұнда заманауи медициналық қондырғылардың көмегімен қатерлі ісікті ерте анықтауға болады. Обырды сәулемен алып тастау технологиясы жолға қойылған. Гүлмира Сағидуллина, облыстық көп салалы онкология және хирургия орталығының директоры: — Орталықта онкологиялық ауруларды емдеудің барлық түрлері бар. Ол хирургия, химия терапия және сәулелік емдеу және оңалту. Ем-дом іздеп шетелге барудың қажеті жоқ. 7-8 жыл бұрын тұрғындар басқа елге ем алуға баратын, қазір бұл көрсеткіш азайды. Басқа облыстардан, тіпті Ресей, Украина, Монғолия және Өзбекстаннан келіп ем алып жатқан пациенттер бар. Мемлекет басшысы жоғары дәлдікпен диагностика жасайтын және онкологиялық ауруларды емдеуге мүмкіндік беретін заманауи медициналық құрылғылардың жұмысын көрді. Олардың арасында магнитті-резонансты томография, Elekta Versa HD желілік үдеткіші соңғы үлгідегі апарраттар бар. Орталық радиологиялық суреттерді сақтауға, тез анықтап нақты уақыт режимінде зерттеуге арналған архивтеу жүйесімен де жабдықталған. Берік Дүйсенбай, тілші: — Сызықтық үдеткіш аппараты. Бұл Қазақстанда ең алғашқылардың бірі болып орнатылған, ең соңғы үлгідегі замануи қондырғы. Сызықтық үдеткіш дегеніміз не, ол қарапайым тілмен айтқан кезде онкологиялық ауруларды емдеудің тәсілі. Яғни сәулемен қашықтан емдеу. Оның мәні адам ағзасындағы жасушаларды зақымдамай сәулені ісікке дәл бағыттаумен байланысты. Мекеме айына 3700-ден астам адам қабылдайды. 39 маман Италия, Израиль және Ұлыбританияның алдыңғы қатарлы емханаларында арнайы курстардан өткен. Онкологиялық орталықтан кейін Президент Титан-магний комбинатына барды. Өндіріс ошағы титан мақтасы мен құймаларын шығарыды. Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: – Здраствуйте, как вашие дела? – Хорошо. – Я посмотрел предприятие. По моим параметрам передовое. – Аманшылық тілеймін. Өте жақсы кәсіпорын. Қарасам озық технологиялар екен. Сондықтан Қазақстан үшін, еліміз үшін осындай кәсіпорын өте қажет. — Құрметті президент мырза, біздің өндірісімізге келгеніңізге өте қуаныштымыз. Менің атым Дәурен Жолдасов. Мен бірінші цехта жұмыс істеймін. Орналасқаныма 12 жыл болды. Жұмысым өзіме ұнайды. Жас мамандарды тәрбиелеп жатырмыз. Қазақ титаны дүниежүзілік нарықта 14 пайыз, аэроғарыш саласының 20 пайыз үлесін иеленіп отыр. Ұшақтардың жапсырма бекіткіштері де осында жасалады. Кәсіпорын өнімдері АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Оңтүстік Корея және Үндістанға тасымалданады. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі элиталық тұқым шаруашылығының қызметімен де танысты. Мұнда ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде сұрыпталған күнбағыстың жаңа будандары, соя мен бидай сорттары таныстырылды. Кәсіпорын дайындайтын тұқымдарға отандық шаруалар қызығушылық танытып отыр. Бұдан бөлек Ресейдің 7 өлкесіне экспортталады. Майлы дақылдардың тәжірбиелік шаруашылығында 400 адам еңбек етеді. Тауарлы сүт фермасында 75 жұмыскер бар. Мал басы 2 мың тоғыз жүзге жуық, сауын сирылары бір мың бастан асады. Әр сиыр жылына 12 мың 700 литрдей сүт береді. Ал ет бағыты бойынша бір  жылда 1900 тонна өнім алынып отыр. Шаруашылыққа соңғы он жылда 13 млрд тг инвестиция тартылған. Президент кәсіпорынның жетістігін оң бағалап, тәжірибені басқа өңірлерге тарату қажеттігін айтты.  Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: – Я слылшал о вашей деятельности, о вашей работе. О вас в принципе. Положительно оцениваю.  Сондай-ақ мемлекет басшысына Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетімен бірлесіп ашылған оқу кабинеті таныстырылды. Мұнда жұмысшылар өндірістен қол үзбей, агроменеджменттің қыр-cырын меңгереді. Кәсіпорын өсімдіктерді қорғайтын заттар өндіру бойынша швейцариялық Syngenta компаниясымен және ауыл шаруашылығы техникасын шығарушы америкалық John Deere компаниясымен де осындай ынтымақтастықты жолға қойып жатыр. Өскемендегі бірегей нысандардың бірі Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті жанынан ашылған Лу Бань шеберханасы. Орталық жұмысы заманауи конструкциялық материалдарды енгізуге, автокөлікті басқару қауіпсіздігін арттыруға және көлікте жасанды интеллектті пайдалануға бағытталған. – Бұл смартжүйеде жол қозғалысын ұйымдастырушылардың элементтері бой көрсетеді, сонымен бірге смарт автокөліктер қозғалыс жасайды. Және олар жолдың инфрақұрылымен, және өздері өзара байланысқа түседі. Бұның көмегімен студенттер жол көлік оқиғаларынының алдын алу шараларын зерттейді  және көліктің ағынын реттеу туралы есептер шығарып, сол туралы практикалық сабақтар өтеді. Сәуле Рахметулина, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры: – Лубань шеберхана дегеніміз ол халықаралық үлкен жоба. 20-дан астам мемлекеттерде осындай Лубань Шеберханасы ашылған. Бағыты бұл электрокөлік және жасанды интеллект арқылы электро көліктердің бағытын басқару. Қытай кәсіпорындары қазіргі таңда осы бағытта лидер болып есептеледі. Олар қазір егер нарықты алсақ, 50 пайыздан көбін, электромобильдердің көбін қытай компаниядары ашады.  Айта кетейік бұл орталықты құруға Президенттің Орталық Азия Қытай саммиті шеңберінде Қытай еліне жасаған сапары аясында келісім жасалған болатын. Ал шеберхананың өзі былтыр желтоқсан айында ашылды. Мемлекет басшысы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығы мен оның базасында ашылған олимпиадалық резерв мектебін аралап көрді. Қазақстанның жеңіл атлетикадан барлық қысқы чемпионаттары осы жерде өткізіліп келеді. Бүгінде орталықта 700-ден астам бала жаттығады. Былтыр олар 281 медаль жеңіп алған. Соңғы 9 жылдан бері Рыпакова атындағы турнир өткізіліп келеді, оған World Athletics Continental Tour деңгейі берілген. Жетістіктер бар, енді оны еселеу қажет. Ол үшін Ольга Рыпакова жүлде қорын арттырып, манеж жабындысын жаңарту қажеттігін айтты. Жас спортшылар да өз армандарымен бөлісті.


ПІКІР ЖАЗУ