Талибан Астанада өтетін халықаралық форумға шақырылды

0
17

 

«Қазақстанның Кабулдағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Қазыханның атынан «Талибан» сауда министрлігінің басшысының міндетін атқарушы Нұреддин Азизиге шақыруды тапсырды», — деп растады Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 13-14 маусымда Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өңірдің басты халықаралық конференциясы – Астана Халықаралық форумы (AIF) өтеді. Форум төрт негізгі бағытқа бағытталған: сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік, халықаралық даму және тұрақтылық, энергетика және климаттың өзгеруі, экономика және қаржы.


ПІКІР ЖАЗУ