Әкім Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшарт аяқталатынын хабарлады

0
16

 

Әкім Clean City NC компаниясымен жасалған келісімшарттың мерзімі қашан аяқталатыны туралы сұраққа нақты жауап

«Биыл бұл компаниямен келісімшарт аяқталады. Ол бүгінде бүкіл қала бойынша жұмыс істеп жатыр. Онымен келісім 5-6 жыл бұрын жасалған болуы керек. Осы жылдан бастап сәуірдің басында байқау жариялауды жоспарлап отырмыз. Қаланы бес ауданға бөлеміз. Қала екі есе өсті, сәйкесінше тұрғындар саны да өсті. Бір жыл ішінде күн сайын шамамен 1,5 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жиналады», — деді Астана қаласының әкімі.

Оның айтуынша, тек бір ғана кәсіпорынның қуаты енді бүкіл қаланы қамтамасыз етуге қауқарсыз. Сондықтан ендігі жоспар бойынша басқа да қоқыс шығаратын берді. компаниялар жұмысқа тартылады.

«Біз бес аудан бойынша қоқыспен айналысатын мердігерлік ұйымдарды анықтауды жоспарлап отырмыз. Міндетті шарт — техниканың болуы. Бүгінде үзілістер мезгіл-мезгіл болып тұрады, өздеріңіз білесіздер, әсіресе Нұра ауданында. Бұл компанияның 3-4 жыл бұрын болған техника көлеміне байланысты. Олар 80 көлікпен бастады, қазір де шамамен сондай, сәл көбірек. Бізге қаланы тазарту үшін 150-160 машина қажет. Сондықтан, басқа компанияларды барынша тартамыз, кем дегенде 3-4 компания қалада жұмыс істейді деп күтеміз», — деп Жеңіс Қасымбек алдағы жоспармен бөлісті.


ПІКІР ЖАЗУ