Ермұрат Бапи: «Ел мен қоғамның өміріне жылымық кіре бастағанын неге мойындамаймыз?

0
18

Бұл сұрақты мәжіліс депутаты Ермұрат Бапиға қойып көріп едік. Алайда ол бұл пікірмен келіспейтіндігін

Бұл пікіріңізге де қарсы уәж айтуға тура келеді. Бүгінде президент Тоқаевты және оның саясатын «тисе – терекке, тимесе – бұтаққа» деп оңды-солды сынап жатқан интернет ресурстар (Ютуб, Телеграм, Тик-ток, т.б.) бұдан екі-үш жыл бұрын бар ма еді?

Жоқ! Болғаны – «ДАТ» газеті сияқты бірен-саран БАҚ еді ғой. Яғни, «алға жылжу мен ілгерілеу» бар екенін көрсететін бір индекатор – сөз бостандығы осы емес пе? Осыдан кейін ел мен қоғамның өміріне жылымық кіре бастағанын неге мойындамаймыз?

Ал әлеуметтік саладағы президенттің бастамалары бірте-бірте жүзеге аса бастағаны өз алдына бөлек әңгіме. Әрине, әзірге «алға жылжудың» динамикасы шапшаң емес, баяу жүріп жатқаны жасырын емес.

Әсіресе, қоғамдық-саяси сала өзгерістерге сараң болып тұр. Әліптің артын бағу, сылбырлық, кібіртік көп. Бірақ «сең қозғалды» ғой! Біз өзгерістердің бұл бастамасын өтпелі кезеңнің құндылығы ретінде қабылдай білуіміз керек, – дейді мәжіліс депутаты.


ПІКІР ЖАЗУ