Қосшы Астанаға қосыла ма

0
12

 

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Астана қаласына Қосшы қалашығының қосылу мүмкіндігіне қатысты сауалға жауап берді.

«Қаңтарда ғана 2035 жылға дейін қаланы дамытудың бас жоспары бекітілді. Мен сіздерге ресми түрде нақты мәлімдей аламын, бекітілген құжат аясында Қосшыны Астана қаласына қосу аталған кезеңге дейін қарастырылмаған», — деді ол өз сөзінде.

Жеңіс Қасымбек мұнан бөлек елордаға іргелес Ильинка, Үркер елді мекендерінің бар екендігін, оларды да қалаға қосу жоспарда жоқ екенін атап өтті.


ПІКІР ЖАЗУ