Брендке көмілген денсаулық сақтау министрі сөмкесінің бағасын айтты

0
106

 

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің әлеуметтік желіде жариялаған суреттеріндегі Dolce & Gabbana брендінің көйлегі мен қымбат сөмкелеріне қанша ақша жұмсағаны туралы сұраққа жауап берді.

«Брендтердің жанкүйерімін деп айта алмаймын. Менің үлкен гардеробым жоқ. Фотодағы сөмке қарапайым қыздардың да қалтасы көтеретін сөмке, бағасы 250 мың теңге. Ал көйлекті өзімнің мерейтойыма еңбек демалысым үшін алған ақшаға сатып алғанмын. Құны есімде жоқ, 800-900 мың теңгенің арасында», – деді Әлназарова.


ПІКІР ЖАЗУ