Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың қамау мерзімі ұзарды

0
14

— Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Бекетаевты қамауда ұстау мерзімін 2024 жылғы 21 қаңтарына дейін ұзартты, делінген Астана сотының Kazinform сауалына жауабында.

Сот ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа деректерді жариялауға болмайтынын атап өтті.

Бұған дейін Мемлекет басшысының заңсыз жолмен шығарылған активтерді іздеу және қайтару тапсырмасын орындау мақсатында бұрынғы әділет министрі қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған болатын.

Ведомство ақпараты бойынша, ол қажет емес қызметтерге жыл сайын келісімшарт орнатып, мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтірген.

Кейінірек Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі экс-әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады.

Бас прокуратура күдікті Қазақстаннан шығып кетпек болған жерінен ұсталғанын мәлім етті.


ПІКІР ЖАЗУ