Бейбіт Есенбаев денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

0
19

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бейбіт Салымұлы Есенбаев берген өтінішіне сәйкес денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметінен мәлім болды.

Бейбіт Есенбаев 1985 жылы Қарағандыда дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін мехатроника және роботехника мамандығы бойынша (2008), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін Экономика мамандығы бойынша (2012), «ҚДСЖМ» Қазақстандық медициналық университетінің магистратурасын Денсаулық сақтау магистрі дәрежесімен (2019) бітірген.

2009-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы, бас сарапшы, сарапшы лауазымдарын атқарды.

2017-2022 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры.

2022 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.


ПІКІР ЖАЗУ