«Бір соғым менен» деп айтатындар енді сотталуы мүмкін

0
55

 

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желідегі парақшасында сөз жүзінде пара беруге уәде еткендер де жазалануы мүмкін екенін айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев Мәжілістегі «Параны сұрау мен параны ұсыну үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу туралы»тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысқан. Ол осы жиында параны ұсынатындарды да жазалау қажеттігін айтқан.

«Жалпы пара алу, пара беру қылмыс екенін бәріміз білеміз. Енді параны сөзбен ұсынуда қылмыс болмақ. Мәжіліске осындай ұсыныстүсіп жатыр. Заңгерлер мен адвокаттар, прокурорлар мен соттар жиналды. Әр түрліой айтылды. Бұл заң қабылданса, «рақметіңді айтамын», «осы мәселені шешсең, ренжітпеймін», «бір соғым менен», «көмектесші, сені де ұмытпаймыз ғой!» дегенсөздер үшін сотталып кетуге болады. Демекқылмысты әлі жасамасаңыз да, тек қылмысқаынтаңыз бен зауқыңызды сөзбен айтсаңыз, сізгеқылмыстық іс қозғауға болады. Кейбір адвокаттар бұл заңға қарсы шықты. «Адамныңсөзі – ол жәй ғана сөз. Пара алса, қылмыс, параны ұсынса, қылмыс емес деді адвокаттар тобы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен прокуратураның пікірі басқаша. Заңдышығаратын депутаттар ойланып отыр. Мен деойланып қалдым. Бір жағынан агенттікөкілдерінің сөзі дұрыс, ал бір жағынанадвокаттардың сөзінде де жан бар», – дейді Самат Нұртаза.


ПІКІР ЖАЗУ