Қайрат Боранбаев мемлекетке тағы 120 миллиард теңге қайтарды

0
13

 

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың мемлекетке қайтармаған активтері бар екенін мәлімдеді.

“Боранбаев бұған дейін сот үкімі бойынша сотталып, келтірілген шығын өтелген. Бұдан бөлек, ол бюджетке қосымша 120 млрд теңге аударды. Қазіргі кезде кәсіпкерден тағы да бюджетке қаражат аудару мәселесі қарастырылуда. Өйткені жеке тұлғаның салық төлеуден жалтару, қаражат жымқыру әрекеттері секілді басқа да қылмыстық істер бар. Осы істер аясында қазір активтерді қайтару бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде”, – деді Жеңіс Елемесов.

 


ПІКІР ЖАЗУ