Димаш Құдайберген Латын Америкасы тыңдармандарының жүрегін жаулауда

0
15

 

Тыңдармандарға шығарма ұнағаны сонша, олар радиожүргізушілерден оны қайта қоюын өтінді. Universo Dimash (Димаштың ғаламы) бағдарламасы алғаш рет осыдан тура бір жыл бұрын, 2023 жылдың 1 наурызында Қазақстанда Алғыс айту күні мен Наурыз мейрамының қарсаңына орай эфирге шыққан еді
Димаштың әндері алғаш рет 7 ақпанда Мексика радиосынан шырқалған болатын. Ал бұны ұйымдастырған әншінің халықаралық Mahabbat Dears фан-клубы еді.

Эфирдің тыңдаушылар арасында үлкен толқу мен сұраныс тудырғаны сонша, Andromeda Radio жүргізушілері толығымен қазақстандық орындаушының шығармашылығына арналған жаңа бағдарлама жасауды ұйғарды. «Димаштың ғаламы» атты бағдарлама құрылғаннан бері эфирде 14 эпизод жарық көрді.


ПІКІР ЖАЗУ