ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН РЕСЕЙ ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАНҒА БАРАДЫ

0
14

 

Наурыз айында Премьер-министр Олжас Бектеновтің Ресей мен Өзбекстанға жұмыс сапары жоспарланған. Мәскеуде Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді.

екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын, сондай-ақ өзара тиімді сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту шараларын талқылайды. Ал Ташкентте Олжас Бектенов Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізіп, сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларында кооперацияны дамыту перспективаларын пысықтайды.


ПІКІР ЖАЗУ