Қазақстанда коммуналдық қызметтер қымбаттады – ЕЭК есебі

0
14

Еуразиялық экономикалық комиссия өнеркәсіп өнімдері мен коммуналдық тарифтердің есебін жариялады

Биыл қаңтар айында өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда Еуразиялық экономикалық одақта өнеркәсіп өнім өндірушілерінің бағалар индексі 117,7 процентті құрады.
2023 жылдың желтоқсан айына қарағанда өнеркәсіп орындарының бағалары 1,3 процентке төмендеді. Соның ішінде кен өндіру мен карьер қазу саласында бағалар 5,1 процентке, ал өңдеу өнеркәсібінде 0,1 процентке түсті.
Ал электр энергиямен қамтамасыз ету, газ беру мен кондициялау қызметтері 0,5 процентке өсті.
Сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі мен қалдықтарды жинау қызметтері де 0,1 процентке көтерілді.
Әсіресе, Қазақстанда коммуналдық қызметтердің бағасы күрт өсті. Мәселен, энергиямен қамтамасыз ету, газ беру мен жылу 4 процентке көтерілсе, сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі мен қалдықтарды жинау қызметтері 1,6 процентке қымбаттады.

ПІКІР ЖАЗУ