ҚР-да өрт қауіпсіздігін бұзу көбейді

0
14

 

Биыл қаңтарда елімізде өрт қауіпсіздігіне байланысты 2 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, бұл 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда бірден 45% көп
Олардың басым бөлігі өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе сақтамау болды: жалпы көрсеткіштің 88,1%-ы немесе 1,8 мың дерек — бір жыл бұрынғыдан 46% артық.

Мұндай құқық бұзушылықтың тағы бір кең тараған түрі көліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу: 200 дерек, бір жылда 29% көбейген. Сонымен қатар, алдықтарды жинап қою немесе жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамаудың 19 дерегі, су шаруашылығы құрылыстарын, құрылғыларын және сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн бүлдіру, оларды пайдалану қағидаларын бұзудың 12 дерегі, ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзудың 8 дерегі және өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың 3 дерегі анықталды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтардан бөлек, биыл қаңтарда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуға байланысты 27 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе, 2023 жылғы қаңтарда 37 қылмыс тіркелді. Жылдық төмендеу 27%.

Жылдың бірінші айында мұндай құқық бұзушылықтар ҚР-ның 20 өңірінің 14-де (бір жыл бұрын — 16-да) тіркелген. Көбінесе өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды ​​және Түркістан облыстарында тіркелген.


ПІКІР ЖАЗУ