ШЕТЕЛДІК 37 КОМПАНИЯ ҚАЗАҚСТАНҒА КӨШІРІЛЕДІ

0
16

Биыл негізгі капиталға салынған инвестиция 22 трлн теңгеден асады. Бұл былтырғы көрсеткіштен 22%-ға артық. Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Нұрлан Бай-базаров осындай болжам жасады.

Оның айтуынша, облыс әкімдері мен министрлерге KPI бекітілген. Ал инвестициялық штаб инвесторлардың мәселесін жедел шешуге атсалыспақ. Сондай-ақ шетелдік 37 компания Қазақстанға көшіріліп жатыр. Ел Үкіметі экономикаға қаржы құюға ниетті кәсіпкерлердің санын, одан әрі көбейтісі келеді.

Сол үшін «жасыл дәліз» жүйесі енгізілмек. Осы арқылы тіркеуден бастап нысандарды іске қосуға дейінгі барлық қажетті рәсімдерден, жеңіл-дейді әрі жеделдетіледі. Сонымен қатар «Kazakh Invest» базасында инвестиция көлемі 50 млн доллардан асатын «Бірыңғай терезе» құрылады.


ПІКІР ЖАЗУ