Қазақстан Ресей мұнайын Қытайға айдаудан қанша табыс табады?

0
16

 

Ресейдің мұнайы көршілес Қытайға тасымалданып жатыр. Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов бұл транзиттен Қазақстан қанша табыс табатынын айтты.

“2014 жылдан бастап транзит Ресей мұнайы ҚХР-ға тасымалданады. Басында жылына 7 млн тонна болған еді. Қазір оның көлемі жылына 10 млн тоннаны құрайды. Егер де қазіргі транзит туралы айтатын болсақ, жылына 10 млн тонна бойынша он жылға келісімшартқа қол қойылды.  Тасымалдаудан еліміз айырбастау операциялары арқылы барлық кезеңде 1,7 млрд доллар табыс табады”, — деді ведомство өкілі.

Вице-министр бұл соманың он жыл ішіндегі қаражат екенін атап өтті.


ПІКІР ЖАЗУ