ЕАЭО елдері ішінде Қазақстанда азық-түлік неге қымбат?

0
16

 

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Еуразиялық экономикалық одан елдерінің ішінде Қазақстанда азық-түлік неге қымбат екенін түсіндірді.

«Ақпан бойынша бізде инфляция деңгейі 9,5-9,7 пайыз болды. Оның ішінде 1,5-2 пайыз көлемінде кейбір азық-түлік тауарларының қымбаттауын байқап отырмыз. Енді мұны қалай шешуге болады десек, ол үшін бізге өзіміздің өңдеу өнеркәсібін дамытуымыз керек. Қазір Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміндегі 19 тауар түрі бойынша бағаны қадағалап, ұстап отыр. Өңірлерде жергілікті қорлар бар.

Биылдың өзінде Қазақстан даму банкі және Аграрлық несие корпорациясы арқылы тамақ өңдеу өнеркәсібіне жобаларды қаржыландыру үшін 100 млрд-тан астам ақша бөлейін деп отырмыз», — деп жауап берді ведомство басшысы.

Оның сөзінше, бұл бағытта инвестицияларды жыл сайын көтеру қажет.


ПІКІР ЖАЗУ