Бұрынғы министр Ерлан Қожағапановтың не үшін айыпталып жатқаны айтылды

0
13

 

Антикордың айтуынша, экс мәдениет және спорт вице-министрі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген. 

«Бұрынғы шенеунік коммерциялық ұйымның мүддесін көздеп, 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру туралы келісім жасасуға көмектескен. Ол форумды өткізуге арналған сметалық бағаны екі есе көп етіп көрсеткен. Бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеліп соқты», — деді антикор өкілі. 

Антикордың ресми өкілінің айтуынша, қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған мүлік анықталып, тәркіленді. Ұсталған азаматқа екі ай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр.

 


ПІКІР ЖАЗУ