Ақпан айында «ҚазТрансОйл» Германияға 100 мың тонна қазақстандық мұнай жеткізді

0
11

 

2024 жылдың ақпан айында «Адамова застава» мұнай жеткізу бекеті бағытында «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы одан әрі Германияға жеткізу үшін тасымалданған қазақстандық мұнай көлемі 100 мың тоннаны құрады.

Осылайша, 2024 жылдың басынан бері Германияға 200 мың тонна қазақстандық мұнай жеткізілді. Наурыз айында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 100 мың тонна қазақстандық мұнай жеткізуді жоспарлап отыр.

2024 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға жеткізу үшін «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы «Адамова Застава» мұнай жеткізу бекетіне 1,2 миллион тоннаға дейін қазақстандық мұнайды жөнелтуді жоспарлап отыр.

2023 жылы осы бағыт бойынша қазақстандық мұнайды Германияға жеткізу үшін тасымалдау көлемі 993 мың тоннаны құрады.


ПІКІР ЖАЗУ