Қазақ депутат XIV Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы президиумын мүше болды

0
10

 

Қытайдағы ұлты қазақ депутаттар елдің маңызды саяси оқиғасы — XIV Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының екінші сессиясы және Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі XIV Ұлттық комитеті жиналысына қатысты.

Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 60 адамнан тұратын Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық (ШҰАА) өлкесі делегациясы 11 ұлттың өкілінен құралған. Тізімінде ұлты қазақ 5 өкілдің есімі кірген. Олар: Гұлмира Дәулет, Ершат Тұрсынбай, Сарқыт Ақан, Айдын Толқын және Зоя Бахыт.

Айта кетерлігі, қандасымыз Сарқыт Ақан XIV Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының екінші сессиясы президиумының мүшесі болып сайланды.

Сондай-ақ, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі XIV Ұлттық комитеті жиналысына қытайлық қандасымыз Нұрлан Абдулмажин және Қадырбек Қамза қатысып жатқаны белгілі болды.


ПІКІР ЖАЗУ