Қазақ тарихындағы әйгілі әйел қайраткерлер

0
13

 

Дина Нұрпейісова

Қазақтың әйгілі күйші-композиторы, Қазақстанның халық әртісі. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып, 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында жүлдегер болған.

Гүлсім Асфендиярова

Қазақ қыздарынан шыққан алғашқы медицина мамандарының бірі. Ташкент әйелдер гимназиясын, Санк-Петербор әйелдер медицина институтын бітірген. Қазақ әйелдері арасында алғашқы дипломды маман атанған.

Аққағаз Досжанова

Әйел құқығын қорғаған алғашқы дәрігер, оқытушы және белсенді әйелдердің бірі. Мәскеу қаласындағы медициналық курста, Томбыдағы медициналық институтында және Орта Азия мемлекеттік университетінің медициналық факультетінде оқыған. Медициналық практикадан басқа, ол ұйымдастыру-педагогикалық жұмыстарға да қатысты.

Алма Оразбаева

ХХ ғасырдың басында елімізде әйел теңдігі қозғалысының негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері. Ол қазақ ауылдарын аралап, әйелдерге өз құқықтарын түсіндіріп, сауаттарын ашуға атсалысқан. Қазақ әйелдерінің сауатсыздығын жою, оларды үкіметтің, кеңестер мен мәдени құрылыс жұмыстарына тартуда Оразбаеваның сіңірген еңбегі орасан.

 


ПІКІР ЖАЗУ