2020 жылдан бері Қазақстан мен Әзербайжан арасында тауар айналымы 5 есе өсті – Тоқаев

0
34

 

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 5 есеге жуық – 109 миллион доллардан 529 миллион долларға дейін өсті, деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев

«Бұл жағымды қарқын және біз одан әрі көлемді арттыруды жоспарлап отырмыз», — деді мемлекет басшысы.

Қазақстан-Әзербайжан қарым-қатынасы артып келеді, деді президент Тоқаев.
Оның айтуынша, екі мемлекет арасында саяси, сауда-экономикалық, транзиттік-көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы байланыстар белсенді дамып келеді.

«Менің Бакуге сапарым барысында біз Жоғары мемлекетаралық кеңестің жұмысын бастаймыз және оның бірінші отырысын өткіземіз», — деді президент.
Сонымен қатар, Тоқаев нормативтік-құқықтық база кеңейіп жатқанын айтты.
Соңғы бір жарым жылдың ішінде 40-қа жуық маңызды екіжақты құжатқа қол қойылды.

«Алдағы сапар барысында тағы бір ауқымды құжаттар пакеті қол қоюға дайындалуда. Бұл біздің өзара іс-қимылымызға жаңа қарқын береді», — деді ол.

Бірлескен жобалар
Қазақстан президенті екі ел үшін де, жалпы өңір үшін де маңызды бірлескен ірі жобаларды тізіп атап берді.
«Бұл – Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліз) өткізу қабілетін кеңейту, Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) және энергетикалық кабельді тарту, Әзербайжан арқылы мұнай мен уран экспорты, Қазақстаннан Әзербайжан нарығына бидай жеткізу», — деді Тоқаев.
Бірқатар бірлескен бастама екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға және туристік ағынды арттыруға бағытталған, деп мәлімдеді президент.


ПІКІР ЖАЗУ