Экология министрі Әлия Назарбаеваның компаниясына қатысты неге жалған сөйлегенін түсіндірді

0
23

 

Бұған дейін министр журналистерге Астана әкімдігі Clean City NC компаниясымен барлық шартты бұзды деген еді. Бірақ олай болмай шықты. Әкімдік компаниямен әлі де жұмыс істеп жатқан көрінеді.

«Бірден айтайын, мәселе жергілікті атқарушы органдардың қарауында. Менде кейінгі рет айтқан ақпараттан басқа дерек жоқ. Маған қол астымдағылар қазір Әлия Назарбаеваның бұл компанияға қатысы жоқ екені туралы мәлімет берді», — деді министр.

Астана әкімінің айтуынша, Clean City NC компаниясымен келісімшартқа бес жыл бұрын қол қойылған. Сәуір айында келісімшарт аяқталады.


ПІКІР ЖАЗУ