ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРГЕ ТАЛАП КҮШЕЙДІ

0
19

Қазақстан жұмыс орындарын құру тәсілдерін түбегейлі өзгерткені жөн. Бірақ ол үшін қомақты инвестиция қажет. Дүниежүзілік банк отандық еңбек нарығына талдау жасады. Өз ойларын ортаға салды.

Сонымен алдағы уақытта жұмыс орындарының тапшылығы болмас үшін қандай шара қабылдау керек?       Жаңа технологияларға инвестиция қажет Елде 2011 жылдан бастап жаңа кәсіпорындардың тіркелуі жиілеген. Бірақ Қазақстанның Еуропа елдерінде бизнес ашу деңгейіне жеткен жоқ.  Дүниежүзілік банк мамандарының пікірінше, мемлекеттік құрылымдар кәсіпкерліктің дамуына нұқсан келтіретін әкімшілік кедергілерді жоюмен  айналысуы керек.

Сондай-ақ сарапшылар ауыл шаруашылығында кәсіпорындардың саны айтарлықтай азайып бара жатқанын байқады. Бұл саланы дамытуға түрткі болуы мүмкін. Агроөнеркәсіптік кешеніндегі еңбек жағдайларын жақсарту үшін Дүниежүзілік банк заманауи технологияларға инвестиция салуды ұлғайтуды ұсынады. Кейбір елдерде шаруаларға  кластерлерге бірігуге рұқсат етілген.

Алайда бұл жұмыстың әр компанияның жаңа технологияларды игеру қабілетіне байланысты болады.

Ол үшін кәсіпкерлер оқуға қызығушылық танытып, қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып тұру керек.

Дүниежүзілік банк бұл мәселеде Қазақстан өңірлік «әріптестерінен» артта қалып отырғанын атап өтті.   Жұмыс орнының сапасын анықтау жүйесі Дүниежүзілік банк пен Еңбек ресурстарын дамыту орталығы Қазақстандағы жұмыс орындарының санын, сапасын және қолжетімділігін арттыру жолдарына арналған алғашқы бірлескен зерттеу жүргізді.

Авторлардың бірі – орталықтың вице-президенті Шалқар Байқұлақов. Зерттеу еңбек нарығын дамытудың алдағы бесжылдық жоспарға кірген әдістемені қамтиды. Мәселен, Қазақстандағы жұмыс орындарының сапасын анықтауда 4 өлшемді тәсіл ұсынылады.

Макроэкономикалық деректер негізінде қызметкерлер үшін бірнеше көрсеткіш ескеріледі. Атап айтқанда, орташа және жоғары табыс көлемі мен қызметкердің соңғы алты ай ішінде тұрақты жұмысы болған-болмағаны, әлеуметтік жеңілдіктердің болуы, сондай-ақ қауіпсіз жұмыс ортасы. Соңғысы өндірісте жазатайым оқиғалардың болмауымен немесе төмен деңгейімен сипатталады.

Жұмыс берушілерге талап күшейді Мамандар мемлекеттік және басқа да бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін талдау кезінде «Сапалы жұмыс орындары» көрсеткішін енгізуді ұсынады.

Өйткені қазақстандықтардың жұмыс орындарына деген қажеттілігі саны бойынша ғана емес, сапасы мен қолжетімділігі бойынша да өсіп келеді. Құжатқа сәйкес өнеркәсіп, құрылыс, көлік саласы, сауда және қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы, IT саласы, өнер сондай-ақ қорғаныс қызметі сияқты экономика секторларын индустрияландыру сапалы жұмыспен қамтудың драйвері болуға тиіс. Қазақстанда халықтың ақшалай табысы бір жылда 21%-ке өсті. Жылдық өсімі 12 жылда алғаш рет ең жоғары нәтиже көрсетті. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сай былтыр жыл аяғында жан басына шаққандағы орташа табыс 305 мың теңге болды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 21% жоғары.

Инфляцияны ескерсек, нақты өсу қарқыны – 9,9%. Бірақ өңірлердегі көрсеткіш әртүрлі деңгейде. Мысалы, Қарағанды облысында орташа жалақы 0,2%-ке өсті. Ұлытау облысында керісінше 2,7% төмендеді. Ең жоғары өсім Түркістан облысында – 23,3%.


ПІКІР ЖАЗУ