ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІ ЖАНЫНАН БАҚЫЛАУ КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛАДЫ

0
17

Емдеу орындарының жанынан бақылау кеңесі құрылады.

Ол жөнінде бүгін Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда айтылды

. Еліміз бойынша шаруашылық есепте жұмыс істейтін ауруханалар мен емханаларда мемлекет қаражатын есепсіз жұмсау деректері көбейіп барады. Көп жағдайда бас дәрігерлер мен емхана меңгерушілерінің қаржылық сауатының кемшілігінен миллиондаған қаржы талан-таражға түседі. Осыған орай енді әрбір емдеу орындарының жанынан бақылау кеңесі құру жөнінде ұсыныс қабылданды. Диляра Қайдарова, Ұлттық құрылтай мүшесі: — Бақылау кеңесін жергілікті әкімдіктер құра алады. Оның құрамына жергілікті мәслихат депутаттары, волонтерлер, қоғам белсенділерін де тартуға болады.

Бастысы, кеңес мүшесінің қаржылық сауаты болуы керек. Медициналық нысандардың кіріс-шығысы толық есептеледі. Бюджет ақшасы мақсатты жұмсалуы керек.


ПІКІР ЖАЗУ